Биыл тоғыз айда 133 жұмысшы қаза тапқан

1329
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4NJZr3tNin7RlAxs3KE9BEHqBWit35RwGJ8C1VX0.jpg

Елімізде 2025 жылғы 1 қазанға дейін өндіріс орындарындағы қайғылы жағдайлардан 934 адам зардап шегіп, оның 133-і қаза тапқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,4%-ға төмендеді.

Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен Қарағанды облысында - 103 адам, ШҚО-да – 89 адам, Павлодар облысында – 68 адам, Ақтөбе облысында – 64 адам, Атырау облысында – 48 адам зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы қаласында 51 адам зардап шеккен»,— делінген хабарламада.

Қайғылы жағдайлардың көбі тау-металлургия кешендерінде (17,4 пайыз) және құрылыс орындарында (10,2 пайыз) тіркелген. Министрлік мәліметінше, қайғылы оқиғалардың болуына жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы (34,2 пайыз), жапа шеккендердің абайсыздығы (33,6), еңбекті қорғау ережелері (8,5 пайыз) мен жол жүру ережелерін (7,8 пайыз) бұзу себеп болып отыр.

Айта кетейік, еңбекті қорғау фактілерінің бұзылушылықтары бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларды тергеудің 730 материалы жіберіліп, соның негізінде 211 қылмыстық іс қозғалған.

Comments