Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов ел азаматтарынан интернет сапасына қатысты шағым түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Үкімет отырысында Бектенов тұрақты интернеттің қазіргі заманның басты қажеттіліктерінің бірі екенін атап өтті.
«Тұрақты интернет – бұл сән емес, базалық қажеттілік. Соған қарамастан, жолдарда байланыс ұстамайтын, ауылдарда интернеттің баяу жұмыс істейтін жағдайлары жиі кездеседі. Тіпті қалаларда да ірі іс-шаралар кезінде байланыс сапасы төмендеп кетеді», – деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне байланыс операторларымен бірлесе отырып, алдағы ірі шараларға алдын ала дайындалуды және байланыс инфрақұрылымына түсетін жүктемені мұқият есептеуді тапсырды.
Айта кетейік, 30 қыркүйекте Алматыда өткен тарихи «Кайрат» – «Реал» матчы кезінде көптеген көрермендер интернеттің нашарлығына шағымданған.
"All the land in Uskemen belongs to Akhmetov, and the suburbs of Astana belong to Shokeev" - the deputy said to the minister
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested