Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

1121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aSrYYapbyl0P8Mf91it0e5QJccAekMfrIjNss088.jpg

Қарағандыда "Қарасора – 2025" жедел іс-шарасы барысында есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Операция кезінде 29 және 39 жастағы ер адамдар қала көшелерінің бірінде қолға түсті.  Тінту барысында үлкенінен әрқайсысы шамамен 0,5 грамм болатын құрамында A-PVP болуы мүмкін 11 түйіншек, сондай-ақ қосымша 0,5 және 1 грамдық 11 түйіншек табылып, тәркіленді. Ал екінші күдіктіден телефон тексеру кезінде куратормен жазысқан хаттар мен есірткі жасырылған орындардың фотосуреттері анықталды. Көрсетілген мекенжайларға тексеру жүргізу нәтижесінде құрамында ұқсас зат бар 16 түйіншек табылды»,–делінген хабарламада.

Күдіктілердің тұрғылықты жерінен жүргізілген тінту барысында алдын ала мефедрон деп анықталған, салмағы 0,5 грамм бір түйіншек тәркіленген.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында олар жасаған іс-әрекеттерін мойындаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

Comments