Заң мен тәртіп: полиция департаментінде жеке құрамға тәрбиелік жиналыс өтті

710
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KPWVbEyRPgKEBAje7mb2yLkfXZmSAJBG0Bf7gQI5.jpg

Ұлытау облысының Полиция департаментінде жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған тәрбиелік жиналыс өтті.

Іс-шараға жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарманың бастығы, полиция полковнигі Алдияр Әбішев, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының және жеке құрам бойынша инспекцияның жауапты офицерлері қатысты.

Жиын барысында қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, ішкі тәртіп пен қызметтік этиканы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ азаматтармен қарым-қатынаста әдебі жоғары, жауапкершілігі мол маман болу қажеттілігі атап өтілді.

Полиция полковнигі Алдияр Әбішев өз сөзінде әрбір тәртіп сақшысының басты міндеті – заңды қатаң сақтау, қоғам сенімін ақтау және азаматтарға үлгі болу екенін айтты.
Ол сондай-ақ, қызметкерлерді жұмыс барысында адалдық, әділдік және кәсібилік қағидаттарын ұстануға шақырды.

Жиын соңында жеке құрам арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметтік тәртіпті бұзған жағдайда қолданылатын шаралар түсіндірілді.
Мұндай шаралар құқық қорғау органдарындағы тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға, сондай-ақ қызметкерлердің моральдық-адамгершілік келбетін арттыруға бағытталған.

Comments