Израиль шабуылынан бірнеше палестиналық қаза тапты

772
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Gnf2nkToANcxBxBPzk29YfzDW4bLauFbfdnDY6Fb.jpg

Газаның шығысындағы Шуджайяда Израиль дронының шабуылынан алты палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

WAFA агенттігінің мәліметінше, үйлерін тексеруге шыққан бейбіт тұрғындарға дрон шабуылы жасалған. Салдарынан бес адам көз жұмып, тағы бірнеше адам жарақат алған.

Сондай-ақ, Хан-Юнис қаласының шығысында бір адам қаза тауып, бір адам жараланған. Халауа босқындар лагерінде де бірнеше тұрғын жарақат алғаны айтылды.

Израиль қорғаныс күштері дрон шабуылы болғанын растады.

Әскерилердің айтуынша, адамдар Израиль әскері орналасқан бекеттерге жақындап, “сары сызықтан” өтіп кеткен. Осыдан кейін алдымен ескерту жасалып, қозғалыс жалғасқан соң авиациялық соққы берілген.

“ЦАХАЛ Газадағы тұрғындарды нұсқауларды орындауға және Израиль күштері орналасқан аймақтарға жақындамауға шақырады”, — делінген Израиль армиясының ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимі 10 қазан күні сағат 12:00-де күшіне енген еді.

Бұған дейін Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өткен бейбітшілік саммитінде АҚШ, Түркия, Қатар және Мысыр басшылары Газа секторы бойынша атыс тоқтату келісіміне қол қойған.

Comments
Other materials