Түркістандағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 70 пайызға жетеді

800
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/avZ1DVVwgusahCILUbusgNeHlC3utgLvenSdfqNF.jpg
Түркістан қаласында көлік қозғалысын реттеу және тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Бекзат тұрғын алабында ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жөндеу барысында жол негізін дайындау, ірі және ұсақ түйіршікті асфальт жабындысын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, сондай-ақ бір жақты аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Отырар тұрғын алабында жалпы ұзындығы 24,6 шақырым болатын 28 көшені орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл көшелердің қатарында Шаян, Ойсылқара, Келес және оларға іргелес өзге де көшелер бар.
Айта кетейік, Түркістан қаласы аумағында ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше орналасқан. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған.
Биыл қосымша 138,5 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Аталған жұмыстар толық орындалған жағдайда, қаладағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға жетеді.
Comments
Other materials