Сұйытылған газ тапшылығы Ақтаудағы жүргізушілерді тығырыққа тіреді

1441
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1Z03fCEdS46A0UG6oWZ94MqDTJk3RBSnQJkTVYsU.jpg

Ақтау қаласында автогаз құю станцияларында (АГЗС) кезек қайта ұзарды. 11 қазан күні таңертең көлік жүргізушілері бекеттер алдында ашылмай жатып жинала бастаған. Бұл туралы Lada.kz жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Куәгерлердің айтуынша, кейбір жүргізушілер таңғы 07:50-де келгенімен, олардың алдында бес көлік тұрған. Бір жарым сағат ішінде кезек 30 көлікке дейін созылған.

Жергілікті тұрғындар жағдайға алаңдаушылық білдіруде. "Мезгілі баяғыда аяқталды, туристер жоқ, бірақ газ әлі жетіспейді. Қашанғы осылай өмір сүреміз?" – дейді күн сайын газ құятын Ақтау тұрғыны.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы өңірдің сұйытылған газдың ең ірі тұтынушыларының бірі екенін мәлімдеді. Ай сайын облыс бойынша шамамен 18 мың тонна газ қолданылады. Оның негізгі бөлігі Қазақ газ өңдеу зауытынан жеткізілсе, қалған көлем Атыраудан келеді.

Алайда, қазіргі таңда Атыраудағы зауытта жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жағдай күрделенген. Осыған орай, газдың бір бөлігі Ақтөбедегі зауыттан жеткізілуде. Бұрын газ автокөлікпен тасымалданса, қазір темір жол арқылы тасымалдануда, бұл жеткізу мерзімін ұзартып отыр.

Басқарманың мәліметінше, 11 вагоннан тұратын алғашқы газ партиясы Ақтауға жөнелтілген. Тағы 10 вагон 13 қазанда жетеді деп күтілуде. Мамандар кезектердің ұзаруын осы логистикалық өзгерістермен байланыстырып отыр. Газ жеткізілімін толық тұрақтандыру қараша айының басына дейін жоспарлануда.

https://youtu.be/BitGyp51pOY?si=_QIiC9faR4nR-iKI

Comments