Фото:inform.kz
Ақмола облысында 45 жастағы ер адам суға батып кетіп, қаза тапты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Төтенше жағдай Қайранкөл көлінде тіркелген. Ер адам моторлы қайықпен балық аулауға шыққан, бірақ белгісіз себептермен суға құлап, өздігінен жағаға жете алмаған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы дереу оқиға орнына жетіп, ер адамды судан алып шыққан.
«Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, кейін дәрігерлерге тапсырылды. Алайда, өкінішке қарай, ер адам қатты тоңудың салдарынан көз жұмды», – делінген ТЖД хабарламасында.
ТЖМ мамандары қолайсыз ауа райы жағдайында су айдындарына шығу қауіпті екенін ескертеді.
Related news