Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері бірлесіп жер серігін жасамақ

1171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7z9pSNbFIoyrM8MalFcy0H5DKQgJmlD4gpIfKye7.jpg

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер 2026 жылы бірлесіп жер серігін жасамақ. Бұл туралы ұйым басшыларының XII саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған Габала декларациясында айтылған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатта ТМҰ туы астында 2026 жылы шығарылуы жоспарланған 12U TDT-SAT Küp жер серігінің өндірісі мен ұшырылуын жеделдету міндеті қойылғаны көрсетілген. Бұл жоба ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен тәжірибесі мен технологиялық мүмкіндіктері арқасында қол жеткізілген маңызды жетістік ретінде бағаланбақ.

Түркі мемлекеттері ұйымының құрамына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Ұйымдағы жалғыз еуропалық бақылаушы мемлекет – Венгрия.

Габаладағы саммитте Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев түркі елдерін біртұтас күш орталығы ретінде бірігуге шақырды.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің XIII саммиті Түркияда, ал бейресми саммиті 2026 жылы Қазақстанда өтеді.

Comments