Қазақстанның тұңғыш Президентінің немере інісі, марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты банкроттық ісі қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Shishkin Like-қа сілтеп.
Ақпаратқа сәйкес, сот Нұрбол Назарбаевтың есепшоттары мен мүлкін тұтқындап, компаниялардағы үлестеріне шектеу қойған. Сондай-ақ оған елден шығуға тыйым салынды. Себебі оның қарызы 58 млрд теңге деп көрсетілген.
Енді ол бес жыл бойы несие ала алмайды, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу құқығынан айырылады және ірі мәмілелер мен табыстары туралы хабарлап отыруға міндетті. Қарызын өтеу үшін оның мүлкі сатылуы мүмкін, тек жалғыз тұрғын үйі мен күнделікті қажетті заттары өзінде қалады.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Нұрбол Назарбаевтың активтері 57 млрд теңге көлемінде мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеген. Ол Бас прокурор Берік Асыловтан Назарбаевқа тиесілі барлық компаниялар мен мүлікті түгендеуді сұраған болатын.
Нұрбол Назарбаев бұған дейін де бірнеше рет рейдерлік әрекеттерге қатысы бар деп айыпталған. Кәсіпкер Қуат Ерментаев 2019 жылы оның туыстары өз үлесін Porus компаниясында күшпен тартып алғанын мәлімдеген.
Ал 2025 жылдың соңында депутат Ермұрат Бапи бұрынғы Каменск асыл тұқымды зауытының жұмысшыларынан 9 мың гектар жердің тартып алынғанын айтқан.
Депутаттар сонымен бірге «Алтын орда» базарына қатысты тергеу жүргізуді талап етіп отыр. 2021 жылы Нұрбол Назарбаев сол базарға иелік еткен компанияның құрылтайшыларының бірі болған.
БАҚ мәліметінше, Нұрбол Назарбаевқа тиесілі компаниялар қатарында Prime cap – бас компаниясы, Prime Capital Real – Алматы облысында 22 нысан мен 3 жер учаскесі бар, Prime Capital Re Plaza – Алматыдағы екі жер учаскесі, Prime Capital Re Ushkonyr – Шамалғандағы жерлер, Prime Capital Re Alakol, Prime Capital Re Talgar – Талғар ауданындағы жер және шарап өндіру зауыты, Prime Capital Re Karasay – Үшқоңыр мен басқа да ауылшаруашылық жерлері, Бахар-А – Қарасай ауданындағы үш қабатты тойханасы, Prime Capital Invest – қаржылық қызметтер, Qaz-Ak-Kus – Іле ауданындағы құс фабрикасы, PLS-TM және PLS Инвестиционно-строительная компания – АЗТМ зауытының бір бөлігі бар.
The 8th meeting of Ministers of Youth and Sports Affairs of the Organization of Turkic States was held in Astana