Сарбаз көпқабатты үйден секіріп кеткен

1230
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

Алматыда мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз көпқабатты үйден секіріп кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол аман қалып, ауруханаға жеткізілді, 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәліметінше, №5571 әскери бөлімінің сарбазы қатты күйзеліске түскен.

«2025 жылғы 4 қазанда зардап шеккен сарбаз Алматы қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Әскери қызмет кезінде дәрігерлер сарбазға “бейімделу бұзылысы” диагнозын қойған. Ол әскерге шақырылмас бұрын жақын туысын жоғалтқан және әскери-дәрігерлік комиссияның (ӘДК) шешімін күтіп жүрген», – делінген ведомство хабарламасында.

Ұлттық ұлан өкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбалардан бөтен адамдардың араласуы болмағанын растады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс тағайындалды.

Comments