"Ұлы Дала Ойындары". Алматыда қазақ спорты мен мәдениетінің ауқымды фестивалі өтеді

1287
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/t8bvN1kuQbcrpyfuIh8La6eOaYENMAoOt3QgUtop.jpg

2025 жылдың 5 қазанында Алматы ипподромы Ұлы Даланың күш-қуаты, ептілігі мен рухын тоғыстырған алаңға айналады. Ипподромда ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлерді жаңғыртуға және насихаттауға бағытталған мәдени-спорттық мереке “Ұлы Дала Ойындары” фестивалі өтеді.

Бас аренада қонақтарды еліміздің үздік шабандоздарының көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, бәйге (Аламан, Құнан) сайыстары күтеді.

“Бәйге” сайысындағы жүлде қоры 5 миллион теңге.  Сайыста жылдамдық, төзімділік пен шеберлік сыналады.

Фестиваль аясында қазақ күресі, асық ату, қол күресі, салмақ көтеру, садақ ату секілді ұлттық және күш сайыстары өткізіледі.

Фестиваль аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлердің еңбектері ұсынылатын этно-жәрмеңке өтеді.

Қонақтар:

– Теріден, ағаштан, металдан және киізден жасалған бұйымдарды,

– дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабақтарды тамашалайды.

– Мәдени дәстүр иелерімен тікелей байланыса алады.

Фкстиваль сағат 10:00- да басталады, кіру тегін.

Comments