2025 жылдың 5 қазанында Алматы ипподромы Ұлы Даланың күш-қуаты, ептілігі мен рухын тоғыстырған алаңға айналады. Ипподромда ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлерді жаңғыртуға және насихаттауға бағытталған мәдени-спорттық мереке “Ұлы Дала Ойындары” фестивалі өтеді.
Бас аренада қонақтарды еліміздің үздік шабандоздарының көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, бәйге (Аламан, Құнан) сайыстары күтеді.
“Бәйге” сайысындағы жүлде қоры 5 миллион теңге. Сайыста жылдамдық, төзімділік пен шеберлік сыналады.
Фестиваль аясында қазақ күресі, асық ату, қол күресі, салмақ көтеру, садақ ату секілді ұлттық және күш сайыстары өткізіледі.


Фестиваль аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлердің еңбектері ұсынылатын этно-жәрмеңке өтеді.
Қонақтар:
– Теріден, ағаштан, металдан және киізден жасалған бұйымдарды,
– дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабақтарды тамашалайды.
– Мәдени дәстүр иелерімен тікелей байланыса алады.
Фкстиваль сағат 10:00- да басталады, кіру тегін.