"Реал Мадридтің" Алматыдағы өтініші орындалмады

1417
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tdAohItAkoCahFtFSW3LXxWjZmVkc43GEvtfCKiH.jpg

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Алматыда «Қайратпен» кездесетін «Реал Мадрид» клубы УЕФА-ға ресми хат жолдап, ерекше өтініш жасаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан БАҚ-ының хабарлауынша, испандық клуб өкілдері Орталық стадиондағы газонды қайта қырқуды сұрап, алаңдағы шөптің биіктігі 25 миллиметрден аспауы тиіс екенін көрсеткен. Алайда УЕФА өтінішті қанағаттандырмады. Ұйым ережесіне сәйкес, газон биіктігі 30 миллиметрден аспаса, талап толық орындалған болып есептеледі.

Осыған байланысты алаң иелері өз шешімін өзгертпеді.

Айта кетейік, мадридтік футболшылар әдетте 20–22 миллиметрлік газонда ойнауға үйренген. Соңғы жылдары олардың кездестірген ең биік газоны 27 миллиметрді құраған. Ол - «Хетафенің» стадионы.

Comments