29 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайына мадридтік «Реал» футболшылары ұшып келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ертең, 30 қыркүйекте, олар алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы үй матчында ойнайды.
Жүздеген жанкүйерлер әуежайға ерте жиналып, футболшыларды қарсы алды. Жанкүйерлер плакаттар мен ұрандар дайындап, «Реал» ойыншыларын көруді көздеген. Кейбіреулер Қазақстан туын алып келген. Әуежай ғимараты мен оның аумағы полицияның күшейтілген бақылауында болды.
Алайда футболшыларды күткен жанкүйерлер қате кіреберісте тұрғандықтан, оларды жақыннан көруге мүмкіндік болмады. Кейінірек жанкүйерлер кетіп бара жатқан автобустың соңынан жүгірген. Ақыры «Реалдың» өкілдері тек полиция ілесуімен әуежай аумағынан шықты.
Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде «Реал Мадрид» ойыншылары Алматыға сәтті жеткенін хабарлап, Instagram-да жазба жариялады. Бұған дейін клуб Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылар құрамын жариялаған болатын. Осы ұшақпен бірге Испаниядан «Реалдың» жанкүйерлері де Алматыға келді.
Ursula von der Leyen Congratulates Tokayev on the Discovery of a Major Rare Metals Deposit in Kazakhstan
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared