Президент Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорда жазды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында өткен кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі ахуалға байланысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату үшін дипломатиялық жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесуден түсіріліп, таратылған видеода екі президенттің ағылшын тілінде сөйлеп отырғаны байқалады.
Кездесуден соң Украина басшысы Қазақстан Президентіне алғыс айтып, желідегі парақшасына жазба жариялады.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестім. Қазіргі негізгі міндет – сенімді қауіпсіздік кепілдіктерімен әділетті әрі берік бейбітшілікке қол жеткізу», – деп хабарлады Зеленский.
Х парақшасындағы жазбада:
«Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс білдіремін», – деп атап өтті Зеленский.
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended