Астанада Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті қорлаған әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
36 жастағы қала тұрғыны ескерткіштің бетіне бояу жаққан.
Бұл туралы полицияға оқиғаны куәгерлер хабарлаған. Оқиға 26 тамыз күні сағат 10:30 шамасында болған.
Полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келіп, ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
Астана прокуратурасының мәліметінше, сот тәртіп бұзушыны 50 АЕК (196 600 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.
Айта кетейік, жақында Астанадағы Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш тақтадағы «голодомор» сөзі «голод» деп өзгертілгені туралы жазған едік.
Related news