Жаңа қару – Altay. Түркия алғашқы ұлттық танкісін сериялық өндіріске қосты

1397
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/b12btkbbh6mh2UYjKIenSoQhooxSY6qk9cbXsQBY.webp

Фото: commons.wikimedia/CeeGee

Анкарада алғашқы түрік негізгі жауынгерлік танкі (ОБТ) Altay-дың сериялық өндірісі басталды. Бұл туралы Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, 65 тонна салмақтағы жауынгерлік техника елдің әскери инженерлері әзірлеген және түрік компоненттері негізінде жасалған. Атап айтқанда, танктің күш қондырғысы Түркияда жасалған BATU қозғалтқышымен жабдықталған. Ал атыс қуаты MKEK120 тегіс ұңғылы 120 мм зеңбірегі арқылы жүзеге асады.

Altay – Түркияның алғашқы негізгі жауынгерлік танкісі. Ол немістің Leopard 1-2 үлгілерін, сондай-ақ ескірген америкалық M48 және M60 танктерін алмастыруға арналған. Танкі сынақтан сәтті өткен, сонымен қатар Түркияның одақтастарына да экспортталмақ.

Comments