Алматыға Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

1729
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pl3PTCcxGNkuYVV8qzjbblln73IcV0RJ3haMRJH2.jpg

Өңірлік журналистиканы дамыту және медиа саласындағы ынтымақтастықты күшейту мақсатында Бас редакторлар клубы Алматы қаласына ресми өкіл тағайындады.

Бұл жауапты қызметке белгілі медиаменеджер, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы бекітілді.

Алматы – еліміздің ең ірі қаласы, мәдениет пен өнер орталығы әрі қазақ журналистикасының тарихи ордасы. Осыған байланысты мұнда медиажобаларды жүзеге асыру үшін кәсіби тәжірибесі мол тұлғаны тағайындау туралы шешім қабылданды.

Ержан Қалымбайұлы – танымал журналист, Ыстамбұл университетінің докторанты. Ол түрік және ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. Кейін «Қазақстан РТРК», «Жебе», «Айқын» газеті, «Хабар агенттігі», «Qazaq radiosy», «Еларна» сияқты республикалық БАҚ-та түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Сонымен бірге, «ULYS» халықаралық диджитал журналы мен ulys.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы болған. Халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік қызметте де еңбек еткен.

2023 жылдан бері «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры қызметін атқарып келеді. Компания құрамына «Almaty akshamy», «Вечерний Алматы» газеттері мен «aqshamnews.kz», «vecher.kz» және alnews.kz ақпараттық порталдары кіреді.

Comments