Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды

1108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kSJKdJ2wz55aO4bsBzeYWSlABy9nnesuc8XvQHd1.jpg

Талғат Момышев Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 25 тамызда Премьер-министрдің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Талғат Амангелдіұлы 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1997–1998 жылдары Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеген. 1998–2000 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің аппаратында жалпы бөлімнің аға референті және инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы, 2000–2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде жұмыс істеді. «Метрология» РМК Алматы филиалының басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары, Астана қаласы бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өндірістік басқармасының бастығы және Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарқан.

2010–2014 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, 2014– 2016 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, 2016–2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2018–2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.

2019 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігі жауапты хатшы және аппарат басшысы болып қызмет етті.  2021–2023 жылдары — ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, 2023–2024 жылдары — ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры болды.

2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директоры болып жұмыс істеді.

Comments
Other materials