Қазақстан Қырғызстанда шипажай салып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеп, Қырғызстандағы қазақстандық шипажайлардың құрылыс барысымен танысты, деп хвбарлайды “Адырна”.
Шолпан-Ата қаласында премьер-министр «Қазақстан» шипажайының жаңа ғимаратының құрылыс алаңында болды. Шипажайдың демонтаждау және құрылыс орынын дайындау жұмыстары аяқталған, негізгі корпустардың, коттедждер мен шаруашылық блоктардың іргетасы мен монолитті қаңқасын салу жалғасып жатыр.
Сондай-ақ 500 орындық «Самал» демалыс үйіне жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазірдің өзінде инвестор анықталып, инвестициялық келісімнің жобасы дайындалып, жыл бойы жұмыс істейтін 3-4 жұлдызды заманауи қонақ үй салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Бостери (Ыстықкөл облысы) ауылындағы «Университет» спорттық-сауықтыру лагері бойынша курорттық-рекреациялық аймақты дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, нысанды реконструкциялау бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл нысан базасында қазақстандық спортшыларды жаттықтыруға арналған спорттық инфрақұрылым – спорт залдары, бассейндер және тағы басқа нысандар салынады.
Сондай-ақ қазақстандық инвестормен бірлесіп «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығын жөндеу, жұмыс істеп тұрған нысандарды реконструкциялау және қосымша спорт ғимараттарын салу мәселесі пысықталып жатыр.
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
