Этникалық қазақ Парижде «Kiz Jibek» әтірін жасап шығарды

4850
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5ZmxwJc3LAsUse3BuZ1oWZ86USedA61jySe517gb.jpg

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияда тұратын этникалық қазақ, кәсіпкер Нұржан Төлегенмен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қытайдың Іле өңірінде дүниеге келген Нұржан бүгінде Парижде тұрады. Қазақтың рухани мұрасына ерекше ықыласы бар азамат жақында өз брендін «Tolegen Paris» атауымен таныстырып, «Kiz Jibek» атты люкс санаттағы парфюмериялық өнімді жарыққа шығарған.

«Нұржан Төлеген бұл әтір 17 ғасырдағы қазақ даласының «Қыз Жібек» лирикалық жырын қайта жаңғыртанын ерекше атап өтті. Оның осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға жасаған сапары өмірін түбегейлі өзгерткен екен. Соның әсерінен пайда болған бұл бренд – Шығыс пен Батысты байланыстыратын жаңа көпір іспетті. Осындай креативті, бастамашыл әрі отаншыл жастарды қолдауға шақырамын. Бұл – бәріміздің ортақ міндетіміз.Сондықтан Төлегеннің жұмысына сәттілік пен толайым табыс тілеймін!»—деді министр.

                      

Comments