Үкімет отставкаға кетті

6133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Cf4Mma9eYTedVcSwzfx3DtWJfHF1ipt0PceItlpJ.webp

Литвада премьер-министр Гинтаутас Палуцкас басқаратын 19-шы министрлер кабинеті отставкаға кетті. Бұл шешім 4 тамыз күні өткен үкімет отырысында ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Палуцкастың өзі қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған. Ол бұған дейін отбасына көрсетіліп жатқан қысым жағдайында жұмысын жалғастыру мүмкін еместігін мәлімдеген болатын.

«Мені жұмысыма емес, өткен өміріме бола айыптап жатыр. Коалиция мен үкіметті бұл жанжалдардың тұтқынына айналдырғым келмейді»,—деп түсіндірді Палуцкас.

Ол бұл лауазымға байланып қалмағанын айтып, әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.

Дағдарысқа премьердің бизнесіне қатысты қаржылық заңбұзушылықтар туралы тергеулер себеп болған. Олардың ішінде жеңілдетілген несиелер мен жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер бар. Бірпартиялық серіктерінің қолдауына қарамастан, Литва президенті Гитанас Науседаның ультиматумынан кейін Палуцкасқа қысым күшейе түскен.

Министрлер кабинетін қаржы министрі Римантас Шаджюс уақытша басқаратын болды. Президент 15 күн ішінде премьер-министрлікке жаңа кандидат ұсынуы тиіс, ал оны сейм бекітеді.

Comments