Жамбыл облысындағы жанармай құю бекетінде ресейлік байкерге пышақпен шабуыл жасаған қазақстандық азамат 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Сонымен қатар, сот айыпталушыдан 500 мың теңге (шамамен 925 доллар) моральдық шығын және 1,3 миллион теңгеден астам (шамамен 2,4 мың доллар) материалдық шығын өндіріп алуға шешім шығарды. Ол суық қаруды заңсыз алып жүру және бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша айыпталды.
Тергеу мәліметінше, сәуір айында Меркі ауданындағы АЗС-те айыпталушы жәбірленушімен шығаберісте соқтығысып қалады. Болмашы себеппен ер адам кісі өлтіру ниетімен жәбірленушіге арт жағынан келіп, оған пышақпен арқасына және кеуде тұсына екі рет жарақат салған.
Куәгерлер шабуылдаушыны залалсыздандырған. Жәбірленуші оқиға орнынан қашып үлгерген, бұл айыпталушының қылмыстық ойын аяқтауына кедергі келтірген.
Zakon.kz мәліметінше, сот барысында айыпталушы өкініш білдіргенімен, кінәсін мойындамаған. Прокурор оған 15 жыл жаза сұрады, алайда сот балаларының кәмелетке толмағанын ескеріп, 11 жыл 3 ай мерзім берді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқиға 14 сәуірде белгілі болды. ORDA.kz жазуынша, жараланған азамат – Ресей азаматы, байкер. Ол Шымкентте мотомаусымның ашылуынан қайтып келе жатқанда мотоциклін жанармаймен толтыру үшін тоқтаған. Дәрігерлер оның кеуде және бел тұсынан пышақталғанын хабарлады. Күдікті оқиға орнында ұсталып, іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынған.
Cultural scientist: Dimash Kudaibergen should be awarded with the title of "Hero of Labor of Kazakhstan"!