"Жанармай бағасын көршілермен теңестіреміз..." Скляр ненің атын атамады?

2002
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wJsPOzVLOFFknLG7qJADeYBv6AxCpKo1IwgvVLUY.jpg

Қазақстанда жанармай бағасы көрші елдермен теңеспек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, еліміз жылына 90 миллион тоннадан астам мұнай өндірсе де, мұнай өнімдерін өңдеу көрсеткіші әлі де жеткілікті деңгейде емес.

"2017-2019 жылдары үш мұнай өңдеу зауыты қайта құрылып, жанармай өндірісі едәуір артты. Содан бері бензин, дизель және әуе керосині бойынша тапшылық тоқтады. Алайда, соңғы жылдары әуе керосиніне сұраныс күрт өсті, сондықтан тапшылық қайта байқалып отыр", — деді вице-премьер.

Склярдың айтуынша, Қазақстаннан жанармайдың сыртқа заңсыз әкетілуін болдырмау үшін баға көрші нарықтармен теңестіріледі.

"Бағаны біртіндеп теңестіру арқылы ішкі нарықты қорғаймыз. Сонымен қатар, ішкі өндірісті ұлғайтуға күш салынады. Мәселен, Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезеңі іске қосылса, өндіріс көлемі 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін артады. Бұдан бөлек, Павлодар мен Атырау зауыттарының қуатын арттыру бойынша да шаралар қабылданады", — деді ол.

Comments