Ұлы далада өмір кешкен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің қыр-сыры өте көп болған. Тыйымдардың дәл қай заманда пайда бола бастағаны белгісіз. Бірақ өте ертеде пайда болғандығын елімізде болған шетелдіктердің жазғандары куәландырады. Мысалы ХІІІ ғасырда Орталық Азияға келген итальяндық Плано Крапини сол кездегі далалықтардың тыйымдары туралы былай деп жазғаны белгілі: «...олар көп нәрсені күнә деп санайды, пышақты отқа салуға болмайды, етті пышақпен қазаннан алуға болмайды, және оттың қасында балтамен отын жаруға болмайды, егер олай етілсе оттың басы жоғалады деп сенген; әрі жас құстарды аулауға немесе атуға болмайды екен; атты жүгенмен айдауға тыйым салынады; бір сүйекпен екінші сүйекті шағуға болмайды; ақты жерге төгуге болмайды. Үйде дәрет сындырған адам бұнысын әдейі істесе ол қалайда бақсыға көп ақы төлеп ластаған жерін тазартуы лазым. Бұлай етілмеген жағдайда ол өлтіру жазасына кесіледі». Жалпы қазақ халқының тыйымдарын бұзуға ханның да қараның да құқы болмаған.
Көпшіліктің осынау пікірімен санаспай тек сал-серілер ғана өзін еркін ұстаған. Бірақ сайын даланың осынау еркін перзенттерінің іс-әрекеттерінде өзіндік бір наным-түсінік болатын. Мысалы ұлы Тәттімбет бірде жалғыз баласы қайтыс болған бір қарияға киіз үйдің табалдырығына отырып күй тартып қайғысына ортақ екенін білдірген. Қазақ табалдырық екі дүниені бөліп тұрады деп сенген. Осыны білетін Тәттімбет сері қарияға тірі адам тіршілігін жасайды дегенді меңзеп өзінше сабырлылыққа шақыру мақсатымен, табалдырықа отырған. Енді бірде Тәттімбет Абайдың атасы Өскенбайдың асына атынан түспей, қолына күнқағар шатырын қолына ұстап келгені де белгілі. Серінің бұнысы да ол дүниенің өз жүрісі болса, бұл дүниенің де тоқтамай дөңгеленіп жүре беретінін көпшілікке өзінше ишаратпен білдіруі болатын.
Ұрпақ тәрбиелеуде халық даналығының бір көрінісі болып табылатын тыйымдардың өмірде алатын орны ерекше. Жасы үлкендер өмір құндылықтарын сақтап қалу ниетімен тыйымдар арқылы жас ұрпақ өкілдеріне ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіріп отырған. Әр тыйымның өзіндік тәрбиелік мәні мен міндеті бар. Бұл тыйымдар кімді де болса көп шалыс қадам жасаудан сақтап отырған. Ұрпақтан ұрпаққа ауызекі түрде жеткізілген өмір тәжірибесі халықтың ұлт болып қалу жолында игілікті қызмет көрсетіп келеді. Мысалы:
Жерге түкірме, Жер-ана. Анасының бетіне ешкім түкірмейді;
Нанды баспа – киесі ұрады;
Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме – бұл құрмет;
Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама – басыңа қонған бақтан айрыласың, басың бірікпейді;
Ошаққа су құйма – өз отыңды өзің өшірме;
Бос бесікті тербетпе – ұрпақсыз қаласың;
Кешқұрым ұйқтама – жын-пері көшетін кез;
Екі бүйіріңді таянба – қайғы-қасіреттің белгісі;
Өтірік жылама – құдай жылатайын десе қиын емес;
Табалдырықта тұрма – суыт хабар жеткізгеннің белгісі.
Ғасырлар бойы бір халықтың болмысы болып келген осы бір өмір ережелері қазіргі таңда өз маңызын жоғалтқан жоқ.
????????????????????????????????????[/caption]
Жасы үлкеннің сөзін бөлме;
Жасы үлкеннің жолын кеспе;
Ата-анаңа қайда барасыз деп сұрама;
Адамды санама;
Адамға пышақ кезенбе;
Адамды айналма;
Адамға қарап түкірме;
Әйел еркек жолын кеспейді;
Жақсының жасын сұрама;
Жаңа байығаннан қарыз сұрама;
Кемтарға күлме;
Кісі аяғынан аттама;
Кісіге қарап есінеме;
Кісіге қарап керілме;
Кісіге қару кезенбе;
Кісі жолын кеспе;
Қыздың төсегіне отырма;
Кісі мініне күлме;
Кісінің үстінен аттама;
Кісіні сұқ саусағыңмен нұқып көрсетпе;
Кісіден қайда барасың деп сұрама;
Қонақтарды санама;
Қонаққа берер затты сол қолмен берме;
Үлкенге сыртыңды беріп отырма.

- Адаммен қарым - қатынасқа байланысты тыйымдар

- Ай мен Күн және Тәулік мезгілдері, уақыт және апта күндеріне байланысты тыйымдар

- Су мен отқа байланысты тыйымдар
- Тағамдарға байланысты тыйымдар
- Сөзге және күлкі мен көз жасына байланысты тыйымдар –
- Ата – ене, күйеу мен қалыңдыққа байланысты тыйымдар
- Бесікке байланысты тыйымдар
- Үйге байланысты тыйымдыр – запреты, связанные с домом

- Тұрмыстық бұйымдар мен құралдарына байланысты тыйымдар
- Аң мен құсқа, жан-жануарлар мен жәндіктерге байланысты тыйымдар

- Дене мүшелеріне байланысты тыйымдар
- Киімге байланысты тыйымдар – запреты касающиеся одежды
- Дінге байланысты тыйымдар
- Өлім-жітімге байланысты тыйымдар
- Жамандық жасамау туралы тыйымдар

- Табиғатқа байланысты тыйымдар
Бердалы ОСПАН.
"АДЫРНА" ұлттық порталы.