Биыл Жамбыл облысында жолдарды жаңғырту мен жөндеуге 16,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков баяндады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Өңірде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Биыл жол саласына 16,2 млрд теңге қарастырылған (оның ішінде 8,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен).
Бөлінген қаржы Тараз қаласындағы 9,4 шақырым жолды қайта жаңғыртуға және жалпы 605,2 шақырымды құрайтын облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін орташа жөндеуге бағытталады.
Жол жөндеу бойынша барлығы 252 жоба жоспарланған, олар негізінен «Нұрлы жол», «Ауыл – Ел бесігі»,
More than 960 millions tenge were allocated for the purchase of disaster relief equipment in the WKR
«Өңірлерді дамыту-2025» мемлекеттік бағдарламалары және жергілікті бюджеттер шеңберінде жүзеге аспақ.
Related news

«Өкінішке қарай, бір жолды жөндегеннен кейін келесі жылы сол бөлікті тағы да жаңалауға тура келіп жатады. Бұл мердігерлердің сапасыз жұмысының көрінісі. Мұндай тәжірибені тоқтататын кез келді», – деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар 1220 шақырым жолды орташа жөндеумен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ жиында қоғамдық көлік саласына да көңіл бөлінді. Өңірде 165 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның 19-ы облысаралық, 25-і ауданаралық, 75 -і ауданішілік және ауылішілік, 42жамьы-сі қалалық бағыттар болып табылады. Бұл бағыттарда 1004 автобус қызмет көрсетеді.
”Адырна” ұлттық порталы