Ресей Украинада 500-ден астам танкісінен айырылған. Бұл туралы Oryx мониторинг жобасы хабарлады.
Ресейдің 257 танкісі жойылған, 9-ы зақымдалған, 40-ы қараусыз, жарамсыз күйде жол жиегінде қалған, 200 танк Украинаның қолына өтіп, олжа болған. Ресей Т-64, Т-72, Т-80 және Т-90А танктерімен соғысуда. Тағы 62 танктің үлгілерін анықтау мүмкін болмапты.
Украина 110 танкісінен айырылды. Негізінен бұл T-64B танктері. Ресей армиясы 57 украиндық танкті, Украина 200 ресейлік танкті олжа еткен.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis