Ресей Украинада 500-ден астам танкісінен айырылған

4251
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/3aa5917c-1cd4-4c41-a376-3bb475f59de3.jpeg
Ресей Украинада 500-ден астам танкісінен айырылған. Бұл туралы Oryx мониторинг жобасы хабарлады. Ресейдің 257 танкісі жойылған, 9-ы зақымдалған, 40-ы қараусыз, жарамсыз күйде жол жиегінде қалған, 200 танк Украинаның қолына өтіп, олжа болған. Ресей Т-64, Т-72, ​​Т-80 және Т-90А танктерімен соғысуда. Тағы 62 танктің үлгілерін анықтау мүмкін болмапты. Украина 110 танкісінен айырылды. Негізінен бұл T-64B танктері. Ресей армиясы 57 украиндық танкті, Украина 200 ресейлік танкті олжа еткен.

”Адырна” ұлттық порталы

댓글
기타 기사