АРАЛАС МЕКТЕП ЖАУ ДАЙЫНДАЙДЫ
Басқыншылар әртүрлі амалға салып Елімізді отарлады. Енді ежелгі иесін түгел жою керек, оған көнбесе, сіңіріп алу керек. Яғни орыстандыру қажет. Басқыншының бар мақсаты – осы. Осынау түпкілікті мақсатқа жету үшін күрестің неше түрлі әдісін қолданады. Бұл арам әдістің түрі көп. Санап тауыса алмайсың. Солардың кейбіреулерін ғана айтайын. Арнайы жарлық шығады. Құпия. Түркі халықтарының ішінде тым арда, асау болғандықтан қырым татарларын, қазақтарды, ноғайларды мүлдеп жойып жіберу керек. Бұл жарым-жартылай іске асқан. Мәселен, қырым татары ертеректе орыстардан шамалы ғана аз болған. Ал бүгіндері ондай халық барын екінің бірі біле бермейді. Жерлердің, елді мекендердің атын жаппай орысша қою. Бұл да құпия бұйрық. Егер орысша атауға көнбесе, жергілікті атауды міндетті түрде орысшаға аударып қою. (Көкшетау-Синегорья, Жетісу-Семиречье. Осы Семиречье деген бәле Төлебаев пен Абайда әлі тұр. Алматының қақ ортасында.) Бұл да кәдімгідей жүзеге асты. Дінінен айырып, шоқындыру. Бұл да біраз жұртта іске асты. Ең қауіптісі – тілінен айыру. Тілінен айырылса, халық ретінде құриды. Содан орыс тілінде оқытатын мектептер аша бастайды. Басқыншылардың бір іскер де пысық қолшоқпары (Кауфман ба, атын ұмыттым.) ылғи қазақ балалары оқитын классқа кіріп, сабаққа қатысады. Балалар сабақты жақсы оқиды. Орыс тілінде сайрап тұр. Содан үзілісте, ойындарын бақылайды. Жаңағы сабақта орысша сөйлегендер, ойнап жүргенде тек қана қазақша сөйлесіп ойнайды. «Бұл қалай?» деп ойланып қалады. Әккі неме ақыры айла табады: қателік екен – бөлек оқытқан. Орыстармен аралас оқыту керек. Сол ұсынысын жоғарыға жіберіп, ендігі жерде мектептер жаппай аралас болады. Уақыт салып, әлгі әккі неме тағы да балаларды ойнап жүргенде бақылайды. Бәрі де басқыншы тілінде сайрап тұр. Ойнағанда да сол тілде шүлдірлеп, мәз. Міне, араластың неге әкелетіні! Осы сұмдықты күнде көріп жүрміз. Ауладағы он бала қазақ кластарында оқып жүрген шәкірт болса, үшеу-төртеуі ғанаRelated news
Темірхан МОМБЕКҰЛЫ