Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Ілия Жақановқа және Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа ерекше құрмет белгісі – «Алтын Жұлдыз» белгісімен «Қазақстанның Еңбек ері» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайтта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысы жарияланды.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:
Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
