ҚР-ның Мемлекеттік наградасы берілді

4872
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/ec4c3b9b-1146-4f93-af66-f1dbaa0478bb.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Ілия Жақановқа және Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа ерекше құрмет белгісі – «Алтын Жұлдыз» белгісімен «Қазақстанның Еңбек ері» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайтта Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысы жарияланды.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.

”Адырна” ұлттық порталы

评论