Тоқаев Қытайға барады

3335
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/toқaev-960x500.jpg?token=bb31aa2d9cf74432cd602cc30257dcb3
Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қытайға барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments