Ажал терезесі. Ақтөбеде 1 күнде 2 бүлдіршін 2 қабаттан құлап кетті

1906
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c
Ақтөбеде бір күнде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.  Мәлімет бойынша, оқыс оқиға 27 мамыр күні Ақтөбе облысындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Алға қаласында 5 жасар бала екінші қабаттан құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Екінші жағдайда, облыс орталығында 3 жасар бала да екінші қабаттан құлап жарақат алып, ауруханада жатыр. «Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналар мен қамқоршыларға осындай оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді», - делінген облыстық ПД хабарламасында. Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда балалардың терезеден құлауы бұрынғыдан жиілеп кеткенін, терезеге темір тор орнатуды пәтерден пәтерге ауысып жүрген адамдардың қалтасы көтере бермейтінін жаздық. Сонымен қатар, ата-аналардың жеткілікті көңіл бөлмегенінен балалардың терезеден құлауы жиілегенін хабарладық.
评论
其他材料