Кәсіпкер Тимур Турлов аз уақыт ішінде өз байлығын 5,8 миллиард доллардан 7,2 миллиард долларға дейін ұлғайтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Forbes журналына сілтеп.
2024 жылғы 8 мамырда жарияланған тізімде Турлов 5,8 миллиард долларлық капиталымен екінші орында болған. Бірінші орынды 7,1 миллиард доллармен Вячеслав Ким иеленген еді. Алайда, 15 мамырдағы мәліметке сәйкес, Тимур Турловтың байлығы 7,2 миллиард долларға жетіп, ол Қазақстандағы ең бай адамға айналды.
Үшінші орында – Владимир Ким (5,7 млрд доллар), ал Динара мен Тимур Құлыбаевтардың әрқайсысының байлығы 5,5 миллиард долларды құрайды.
БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, Тимур Турлов 2010 жылдары отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. Қазір Алматы қаласында тұрып жатыр.
Ол 2022 жылы Ресей мен Кариб теңізі маңындағы Сент-Китс және Невис мемлекетінің төлқұжатынен бас тартып, Қазақстан азаматтығын алған.
Сонымен қатар, Тимур Турлов әлемдік миллиардерлер рейтингінде 463-орынға жайғасқан.
Турлов басшылық ететін Freedom Holding акцияларының құнының өскен. 14 мамырда компанияның нарықтық құны Нью-Йорк қор биржасында 10 миллиард долларға жетсе, 15 мамырда бұл көрсеткіш 10,27 миллиард доллардан асты. Тимур Турлов холдингтің 69,52% акциясына ие.
Айта кетейік, өткен айда Freedom Holding компаниясына қатысты шу шыққан. “Алаяққа алдандым” деген зейнеткер Президентке үндеу жасап, Freedom Holding компаниясының иесі Тимур Турловтың еліміздегі қызметіне тосқауыл қоюды сұрағанын хабарлаған едік.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз