Freedom-дағы шу. Қаржысынан айырылған зейнеткер Президентке үндеу жасады

996
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Солтүстік Қазақстан облысының 84 жастағы тұрғыны Аида Лукьянова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жасап, ресейтекті бизнесмен, Freedom Holding компаниясының иесі Тимур Турловтың еліміздегі қызметіне тосқауыл қоюды сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз – Қазақстан азаматтары, соның ішінде көпшілігіміз зейнеткерлер, Сізден мырза Турлов мырзаның еліміздегі компанияларының заңсыз әрекеттеріне назар аударып, оның жолын кесуді сұраймыз. Біз жинаған барлық қаражатымыздан айырылдық. Турлов мырза Қазақстан азаматтығын алғанымен, елге алғыс білдірудің орнына қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, біздің ақшамызды офшорларға шығарып жіберді», – деді Лукьянова өз үндеуінде.

Оның айтуынша, өмір бойы жинаған қаражатын қазақстандық банктерде сақтаған. Алайда Freedom Finance компаниясының брокерлері оған және басқа да зейнеткерлерге кеңсеге келіп, инвестициялық табыс алу үшін қаражатты салып, келісімшарттар жасауға үгіттеген.

Кейін белгілі болғандай, азаматтар компаниямен емес, Белизде тіркелген және Қазақстанда тіркелмеген. Алайда Турловтың жеке компаниясы – Freedom Broker Service-пен келісімшарт жасаған. Осы арқылы көптеген зейнеткерлер жинаған ақшаларынан айырылып қалды.

«84 жастамын. Енді күн көру үшін қайта жұмыс істеуге мәжбүрмін. Көпқабатты үйдің кіреберістерін жуып, еден жуушы болып істеймін. Мен – Ұлы Отан соғысында Курск түбінде қаза тапқан офицердің қызымын. 80 жылдық Жеңіс мерейтойына қатысуды армандаған едім. Бірақ сіздердің кесірлеріңізден бұл арманым орындалмай қалды», – деді ол көзіне жас алып.

Лукьянова Президент пен Бас прокуратурадан барлық зардап шеккен азаматтардың қаражатын қайтаруға көмектесуді және Тимур Турловтың компанияларының қызметіне заңды түрде тосқауыл қоюды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Freedom Holding Corp.-қа қарасты «Фридом Финанс» компаниясындағы топ-менеджерлердің атына бірнеше алаяқтық іс қозғалған болатын

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер