Қазақстанда техникалық тексеру ережелері жаңартылады

1703
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/55b2938d-860f-4d74-9d46-1db89312ada9-960x500.jpeg?token=ae2d1aef1521cec8ad086e7e3ff470ef
2025 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанда техникалық тексеру ережелері өзгертіледі. Бұл өзгерістер Көлік министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы №38 бұйрығына сәйкес енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы БАҚ-қа сілтеп. Техникалық тексеріс операторлары қызметін рұқсаттың екінші санатын алған күннен бастап бастай алады. Бұрын бұл рұқсат туралы хабарлама берілген күннен бастап жүзеге асырылатын. Сондай-ақ, байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (ТБЖ) көлікте пайдалануға тыйым салынған ақаулар анықталса, диагностикалық картаның күшін жояды. Жеке мақсаттағы көлік үшін шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асқан M1 санатындағы көліктер – жылына 1 рет тексеріледі. Ал 1 жылдан асқан N1-3, O1-4, L1-7 санатындағы көліктер – жылына 1 рет тексеруден өтеді. Кәсіпкерлік мақсатта қолданылатын көліктер үшін M1 санатындағы, сондай-ақ жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған M2, M3, N санатындағы көліктер мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған немесе арнайы жабдықталған көліктер – 6 ай сайын тексерілмек. Бұл өзгерістер 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап заңды күшіне енеді.
评论