2025 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанда техникалық тексеру ережелері өзгертіледі. Бұл өзгерістер Көлік министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы №38 бұйрығына сәйкес енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы БАҚ-қа сілтеп.
Техникалық тексеріс операторлары қызметін рұқсаттың екінші санатын алған күннен бастап бастай алады. Бұрын бұл рұқсат туралы хабарлама берілген күннен бастап жүзеге асырылатын.
Сондай-ақ, байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (ТБЖ) көлікте пайдалануға тыйым салынған ақаулар анықталса, диагностикалық картаның күшін жояды.
Жеке мақсаттағы көлік үшін шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асқан M1 санатындағы көліктер – жылына 1 рет тексеріледі. Ал 1 жылдан асқан N1-3, O1-4, L1-7 санатындағы көліктер – жылына 1 рет тексеруден өтеді.
Кәсіпкерлік мақсатта қолданылатын көліктер үшін M1 санатындағы, сондай-ақ жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған M2, M3, N санатындағы көліктер мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған немесе арнайы жабдықталған көліктер – 6 ай сайын тексерілмек.
Бұл өзгерістер 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап заңды күшіне енеді.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз