ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев екі айға қамауға алынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/m83RnjVfGOd2WgL9iQ1QqjAiSTiCFzGp46fMNcLA.webp

“ҚазТАГ” ақпарат агенттігінің басшысы Әсе́т Матаевқа екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға 2026 жылғы 17 наурызда орын алған. Полиция мәліметіне сәйкес, мас күйде көшеде болған азаматтар М. мен Р. екі жас жігіт - А. және А.-мен жанжалға түскен. Жанжал сөзге келуден басталып, кейін көлікке зақым келтіру және төбелеске ұласқан.

Алайда Матаевтың адвокаттары Рена Керимова мен Елена Жигаленок журналистің қылмыскер емес, керісінше, жәбірленуші екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, Матаев төбелесіп жатқандарды ажыратуға тырысқан кезде басына монтировкамен соққы алған.

Адвокаттар түсіндіргендей, жанжалдың түпкі себебі – Матаевтың досы жігіттердің бірін қызбен шатастырған.

“Шынында да әлгі жігіттің сыртқы келбеті өте оғаш: ұзын қызғылт сары шаш, қызғылт сары қас, шынжырлар және тағы басқалар. Қараңғыда, түнгі сағат 02.00 шамасында, досымен отырыстан кейін, сырт жағынан қарағанда оңай шатастыруға болады”, – деп жазды Рена Керимова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған қарамастан, журналист сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Алайда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Медициналық тексеру нәтижесінде Матаевтың бас сүйегінде жарақаттар анықталған: ашық жара, сол жақ маңдай қойнауының алдыңғы және төменгі қабырғасының сынуы, гемосинус, сол жақ маңдай тұсына соққы алған.

Полиция оқиғаға қатысқан барлық азаматтарды анықтап, ұстап отыр. Құқық қорғау органдары жанжалға қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріп, кінәлілер заң алдында жауап беретінін ескертті.

Айта кетейік, шабуыл Матаев пен “ҚазТАГ” бас редакторы Әмір Қасеновке қатысты қылмыстық қудалау аясында орын алған. Полиция қоғамдық орындарда күш қолдану арқылы мәселе шешуге жол берілмейтінін тағы да еске салды.т м

评论