Ұстазға тағзым – ұрпаққа аманат

1416
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/v7kQJI2WSh06LAO1TOrk4Ui6L3HkjoradDepQnyU.jpg

Батыс Қазақстан облысында Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиын «Атамекен» өнер ордасында тойланды. «Ұстазға тағзымұрпаққа аманат»атты салтанатты кешке сегіз жүзден аса сала мамандары шақырылды.

Рухани мазмұны терең, тағылымы мол мерекелік шараға өңірдің білім беру саласының ардагерлері мен үздік педагогтері, аудан-қалалардан арнайы шақырылған қонақтар мен жас мамандар қатысты. Мерекелік кеште Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздық қызметтің қоғамдағы орны мен маңызына ерекше тоқталды.

Мамандықты жүрек қалауымен таңдаған әрбір мұғалімқажырлы еңбектің, сарқылмас шыдамның, шексіз сүйіспеншіліктің иесі. Сондықтан да ұстазқашанда құрмет пен сенімнің биік төрінде. Ел ертеңіжас ұрпақты тәрбиелеу ісінде сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Ұстазға тағзымболашаққа жасалған инвестиция, – деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиұлы.

Салтанатты жиында өңірдің бірқатар үздік педагогтері арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Тасқала ауданындағы «Сәулет» мектеп-лицейінің директоры, математика пәнінің мұғалімі Аққаным Бисалиева«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қайдар Қапанов атындағы Орал халықаралық гимназиясының бас директоры Қайдар Қапанов«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гүлмирам Мұсағалиева«Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін»төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар кәсіби мереке қарсаңында бір топ ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медаліне, «Құрмет грамотасына», БҚО әкімінің Алғыс хатына, сондай-ақ облыстық білім басқармасының «Білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды.

Ұстаздардың еңбегі тек облыс көлемінде ғана емес, ел деңгейінде де жоғары бағаланды. Мұғалімдер күніне орай елордада өткен салтанатты қабылдауда Батыс Қазақстан облысынан үш бірдей ұстаз жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұлөңір педагогтерінің сапалы білім мен тәрбиені ұрпаққа сіңірудегі тынымсыз еңбегінің жарқын көрінісі.

Салтанатты кеш концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар ұстаздарға арналған жүрекжарды әндер мен әсем би тарту етті.

Осылайша, қазан айының алғашқы аптасыұстаздарды ұлықтауға арналған ерекше күндердің бірі ретінде тағы да жарқын естелікке айналды. Ұстаз атыбиік, мәртебесімәңгі. Өйткені оларболашаққа жол сілтейтін шамшырақ.

评论
其他材料