Иран Израильге қарсы соққыларды тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеранда шетелдік дипломаттар алдында сөз сөйлеп, Израиль соққылауды тоқтатса, Иран да қақтығысты тоқтатуға дайын екенін жеткізді. Министрдің айтуынша, Тегеран өз әрекеттерін тек «өзін-өзі қорғау» шеңберінде жүзеге асырып отыр және қақтығыстың аймақтағы басқа елдерге таралуын қаламайды. Аракчи АҚШ-ты Израильдің соққыларына көмектесті деп айыптауда. Министр бұл әрекеттің Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздерді бұзу мақсатында жасалғанын айтты. Келіссөздердің келесі кезеңі бүгін өтуі тиіс еді. Алайда зымырандық шабуылдарға байланысты ол кейінге қалдырылған. Иран тарапы ядролық қаруға ұмтылмайтынын растайтын келісім жасауға әзір екенін, бірақ бұл құжат Иранның «ядролық құқықтарын» шектемеуі керектігін атап өтті. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға жасалған шабуылдарға қатысы жоқ екенін айтып, Иранмен ядролық келісімге келуге шақырды. Ал Германия, Франция және Ұлыбритания Иранмен келіссөздерді «дереу» бастауға дайын екендерін мәлімдеді. Айта кетейік, екі елде де бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз