Иранның 15 маусымға қараған түні жасаған қос шабуылы салдарынан Израильде 200-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW-ға сілтеп.
Израильдің медицина қызметкері Маген Давид Адомның айтуынша, алғашқы шабуыл кезінде бір отбасының төрт мүшесі көз жұмған. Кейінгі соққы салдарынан тағы төрт адам қайтыс болды. Құрбандардың арасында сегіз және он үш жастағы екі қыз бала бар.
Израильдік БАҚ мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта тағы 35 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр.
Айта кетейік, бұл — Иранның Израильге жасаған екі мәртелік әуе шабуылының салдары.
Новости по теме
Глава Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступил перед парламентом с Посланием народу «Экономический курс Справедливого Казахстана»