Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісіне Президент қатысып, полиция қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді. Полицияның заңға бағынатын адамға құрметпен қарап, нақақтан нақақ азапттауды доғару қажет екенін қадап айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Полиция қызметкері заңға бағынатын адамға құрметпен қарауы керек. Ал тәртіп бұзушылармен заң аясында сөйлесу қажет. Адамды азаптауға, қинауға, тыйым салынған тергеу тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейді. Әрбір тәртіп сақшысы мұны жете түсінуге тиіс", - деді Президент.
"Әрине, қоғам тарапынан да құрмет болуы керек. Халықтың түсінігінде полиция азаматтарды қорғаушы, қолдаушы, қылмыстың алдын алушы, заңның орындалуын қадағалаушы болуға тиіс. Өкінішке қарай, қазір ел арасында полицияның келбеті, беделі дәл сондай деп айта алмаймыз. Тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбау, оған қоқан-лоқы көрсету, тіпті, күш қолдану дұрыс емес. Осындай әрекеттерді доғару керек. Мұндай жағдайда бұзақылар жауапсыз қалмауы қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Новости по теме