Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі 5 жасар қыз бен анасын қағып өлтірді

440

Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда 16 және 19-шағынаудандар арасында болған. Полиция қызметкерлері 23.45-те шақырту түскенін мәлімдеді.

"Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде, 29 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - деді облыстың Полиция департаменті өкілі.

Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені, кейін ол да есін жимастан қайтыс болғаны белгілі болды.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда бұзуы" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket