Шымкентте 90 жастағы қария Ковидке қарсы вакцина салдырды

2855
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны Қуаныш Әбдірахманов өз еркімен жергілікті тіркелген емханасына келіп, ковидке қарсы вакцина салдырды.

Бір ғасырға жуық өмір сүрген қария – Шымкент қаласының құрметті азаматы. Әлемдегі жағдайдан күнделікті хабардар болып отырған қарт кісі вакцина қабылдауды жөн көрген.
Екпеден алдын қарияны дәрігерлер тексеруден өткізген. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан, «Спутник-V» вакцинасының І-компонентін салып берді.

– Ойлана келе өз еркіммен вакцина вакцина салдыруға шешім қабылдадым. Біз вирусты осылай жеңеміз. Көпшілікке вакцинадан қорқудың қажеті жоқ екенін айтқым келеді, – дейді қария.

Айта кетейік, Қуаныш Әбдірахмановтың отбасы мүшелерінің барлығы ковидке қарсы екпе алған. 23-сәуір күні екпенің бірінші компонентін салдырған қария арада 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін қабылдауы қажет.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер