Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді

3117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/izobrazhenie_2021-04-16_152415.png
Лондондағы ICE Futures биржасындағы сауда-саттық кезінде мұнайдың әлемдік бағасы өсуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DailyFX-ке сілтеме жасап. Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 67,08 долларды құрайды. Бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы бағадан 0,18 пайызға жоғары. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың электронды саудасы 0,19 пайызға көтеріліп, барреліне 63,58 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы деңгейден 0,1 долларға өсті.
«Вакцинацияның жылдам қарқыны, сондай-ақ пандемиядан азаятын қорқыныш нарыққа тұрақты өсуге жақсы серпін беріп отыр», - дейді Blue Line Futures компаниясының мұнай стратегі Фил Страйбл.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ОПЕК + сәуір айында мұнай өндірісін ұлғайтпау туралы шешім қабылдағаннан кейін Brent котировкасы бір уақытта 5 пайызға өсті. Сонымен бірге, Қазақстан картельмен мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге көбейту туралы келісімге келді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии