Қазақстанда су тасқыны болуы мүмкін өңірлер аталды

4323
Adyrna.kz Telegram

Биыл ауқымды су тасқыны күтілмейді. Дегенмен қатты жауын-шашын болған жағдайда су басуы мүмкін бірқатар өңірлер бар. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп.

"Қазгидромет" мәліметіне сүйенсек, биыл 2015, 2017 жылдары болғандай ауқымды су тасқыны күтілмейді. Ауа райының күрт өзгеруі және қатты жауын-шашын болған жағдайда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын жергілікті су басу қаупі бар", - деді Қожаниязов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір республиканың барлық аумағында қар қарқынды еріп жатыр.

"Қар Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының жазық бөлігінде толық еріп кетті. Алайда жазықта орналасқан елді мекендерде су басу қаупі тек көктемгі кезеңде ғана болса, таулы жерлерде су тасқыны қаупі тауларда қар ерігенде және қатты жауын-шашын болғанда туындайды", - деп ескертті Қожаниязов.

ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рүстамбек Амриннің айтуынша, биыл әкімдіктерге төтенше резерв пен шұғыл шығындарға арналған резервтерде шамамен 36 миллиард теңге қарастырылған.
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер