Бүгінгі санымызда Барак Обаманың 8 жылдық президенттік кезінен фактілер ұсынамыз: стендаптар және БАҚ-қа жаңа көзқарас
1-факт. Алғашқы афроамерикандық президент
Барак Обама - Америка Құрама Штаттары тарихындағы алғашқы қара нәсілді президент. Бір қызығы, Обама мулат, бірақ көптеген афроамерикандықтардан айырмашылығы, ол құлдардың ұрпағы емес. Оның әкесі - кениялық, Луо халқы дәрігерінің ұлы, ал анасы - ақ американдық және алғашқы қоныс аударушылардың ұрпағы. Барак Обаманың ата-анасы үш жасында ажырасқан. Обама, сонымен қатар, университеттік Harvard Law Reviewбасылымының тарихындағы алғашқы афро-американдық редактор болды.
Ол Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде алғаш қызметке кіріскен кезде таптық және ұлтаралық араздықты тоқтата алатын қара нәсілді лидер болып көрінген еді. Бірақ соңғы жылдардағы оқиғалар (афроамерикандықтардың «ақ» полицейлерді өлтіргендігі туралы) бұл үміттердің бекер екенін көрсетті. Associated Pressагенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та Барак Обаманың президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін діни және нәсілдік қозғалыстар саны көбейген.
2-факт. Рекорд жасаушы
2007 жылдың бірінші жартысында Обаманың сайлау науқаны кезінде 58 миллион доллар жинады. Бұл сома сайлауға дейінгі күнтізбелік жылдың алғашқы алты айында президенттік науқанға қаражат жинау бойынша рекорд орнатты.
2008 жылдың қаңтарында науқан 36,8 миллион доллар жинап, тағы бір рекорд орнатты. CNN-нің хабарлауынша, 2009 жылдан бастап Барак Обаманың инаугурациясы мен ұлықтау салтанаттарының құны АҚШ тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш (шамамен 160 миллион доллар). The New York Times газетінің хабарлауынша, екінші сайлау жарыстарында Обама рекордтық $ 934 миллионын жинай алды, ал сайлау науқанының штабын ұстауға 200 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды.
Сонымен қатар, Обама 2012 жылы АҚШ президенттігіне сайлау науқанындағы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартқан алғашқы және жалғыз үміткер. 2008 жылғы келген сайлаушылардың саны да рекорд көрсетті (64%). Инаугурация салтанатына бұрын соңды болмаған миллионнан астам адам жиналды.
3-факт. «Обамамания»
Обаманың жеңісі әлемнің бірқатар елдерінде эйфорияны тудырды. Бұл құбылыс «обамамания» деп аталды, оның белгілері сайлау науқаны кезінде пайда болды. Кения мен Африка және Таяу Шығыстың кейбір елдері оған қатты әсер етті.
Бір қызығы, Caloplaca obamae, Paragordius obamai, Etheostoma obama балығы мен Aptostichus barackobamai өрмекшісі сынды өнімдер шығарыла бастаған.
4-факт. Аборт жайында
Обама жасанды түсік жасатуға, оның ішінде мерзімі жақындағанда аборт жасатуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Обама сонымен бірге жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын-алу және жыныстық сауаттылықты арттыру бағдарламаларын жасауға атсалысты.
5-факт. Либералды
1996 жылдан бастап Барак Обама АҚШ-тағы бір жынысты некені заңдастырудың жақтаушысы болды. 1990 жылдарда мұндай неке әлемдегі ешбір елде болмаған еді, дегенмен бір жынысты азаматтық некелер аз мөлшерде тіркелген болатын. Обама студенттік шақтарында Мишельге үйленбестен бұрын бір жігітпен әуейі болған деген қауесеттер де кездеседі.