"Мен ешкімге сенбеймін": Блок-бекетте қайтыс болған полицияның анасы мәлімдеме жасады

2247

Алматы блок-бекетінде қайтыс болған Дастан Әбдіқановтың анасы Жанатгүл Абирова іnstagram парақшасында президент Қ.Тоқаевтан көмек сұрап, қылмыскерді әділ жазалауды сұрады. 

"Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған. Себебі, ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын. Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, «өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ» деп сұқбат берген. Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдаймыз болған жоқ. Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын. Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін. Мен ешкімге сенбеймін. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып, қылмыскер әділ жазасын алады деп, сенемін", - деп жазба жариялаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы блокпостта болған жол-көлік оқиғасынан көз жұмған полицейдің жұбайы Динара Әбдіқанова BMW жүргізушісі Азат Азаматовтың қатардағы құқық қорғау қызметкері екенін хабарлаған. Ал Азат Азаматовтың  әкесі ұлының ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұраған.

"Адырна" ұлттық порталы

https://www.instagram.com/abirovazhanatgul/

Пікірлер
Редакция таңдауы