Екі полицияның өліміне бұрынғы емес, қызметтегі полиция себепші болған

5674
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы блокпостта болған жол-көлік оқиғасынан көз жұмған полицейдің жұбайы Динара Абдыканова BMW жүргізушісі Азат Азаматовтың қатардағы құқық қорғау қызметкері екенін айтты, деп хабарлайды Тurantimes.kz.

Ол Азат Азаматовтың ішкі істер органдарында алты жыл қызмет еткені жөніндегі ақпаратқа пікір білдірді. Алайда, қызметтік міндеттемелерді дұрыс орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға тартылып, жұмыстан шығарылған.

«Бұл шындық емес. Ол қатардағы қызметкер. Ол қызметтен қуылмады. Қуылмады!», - деп мәлімдеді Динара өзінің Instagram-stories-де.

«Кінәлі жүргізуші полицияда жұмыс жасамайды деген ақпарат – жалған. Ол менің күйеуіммен түнгі ауысымға шығып жүрді. Мен оған түнгі тамағын дайындайтынмын. Өзімнің күйеуімнің ұжымдастарын бетке білемін. Өтінемін, шындықты айтыңыздаршы! Тамаша әкелер мен отағасыларының өліміне кінәлі адамды бүркелемеңіздер. Ажал құшқан сүйікті жандардың ар-намысын аяқ асты етпеңіздер», - деді марқұм полицейдің зайыбы.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде BMW тізгінінде полиция қызметкері отырғаны туралы мәлімет пайда болған еді. Бүгін, 26 мамырда Алматының полиция департаментінде Азаматовтың алты жыл органдарда жасағанын хабарлады. Бұдан бөлек, оның осыған дейін де 2017 жылы жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша сотталғаны анықталды. ​ ​

Еске сала кетейік, Динараның жұбайы – 1994 жылы туылған полиция сержанты Дастан Абдыканов ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Ішкі істер оргнадарында 2016 жылдан бері еңбек етіп келді. Артында бір айлық ұлы қалды.

Turantimes.kz.

Пікірлер